Ақтау – Бейнеу тасжолындағы қайғылы жол апаты: автобус жүргізушісі қамауға алынды

Автор: Нұргүл Абай

Жол апатынан зардап шеккендердің саны өскен

Фото: Көлік министрлігі

Маңғыстау облысында төрт адамның өмірін қиған жол апатынан кейін автобус жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің ақпаратынша, жол апатынан 4 адам оқиға орнында қаза тапқан. 42 жолаушы түрлі дене жарақатын алып, олардың 17-сі ауруханаға жатқызылған. Ал қалғандары амбулаториялық емге жіберілген.

«Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.

Естеріңізге салайық, жол апаты 16 қаңтарға қараған түні Ақтау – Бейнеу автожолында болған. Автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, салдарынан көлік аударылған. Салонда 50 адам отырған.