Оралда жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірді

Автор: Аягөз Құрмаш

Ер адам оқиға орнында көз жұмды

Фото: видеодан скриншот

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті Орал қаласының қақ ортасында көлік жүргіузішісі жаяу жүргіншіні қағып кеткенін хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

«15 қаңтар күні сағат 9:23 шамасында Құрманғазы көшесіндегі «Мектепші» сауда үйінің алдында Toyota Camry жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті», - делінген хабарламада.

Жаяу жүргінші жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп бара жатқан. Алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.