Құрылыс алаңын отпен аластаған жұмысшының видеосы талқыға түсті

Автор: Темірхан Айжан

Видеоның қай жерде түсірілгені белгісіз 

Фото: скрин

Биік ғимараттың төбесінде жүріп, құрылыс алаңын отпен аластаған жұмысшының видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желіде тараған бейнежазбада құрылысшы формасын киген ер адам салынып жатқан ғимараттың төбесіне шығып, қолына түтіндеген сарғыш түсті касканы ұстап, ары-бері кезіп жүр. Ол пластик касканың ішіне жанғыш заттар салып, өртеген. Екінші қолына телефонын алып, өз әрекетін камераға түсірген. Оның видеоға жазылған сөзіне қарағанда, жұмысшы «құрылыс алаңын жамандықтан аластаған». Рәсімін орындап болған соң, ер адам отты өшіруге тырысып, бірнеше рет үрлейді, болмаған соң түкіріп, балағаттап та үлгіреді. Алайда от одан әрі жалындай түсті.

Өрт қауіпсіздігі туралы ойламай, ғимарат пен оның айналасындағы адамдардың қауіп-қатер төндірген адамның қылығын желідегілер сынға алып, кейбірі мазаққа айналдырған.