Оралда 5 жасар бала терезеден құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Ауруханаға жатқызылған баланың жағдайы орташа ауыр

Фото: ашық дереккөзден

Оралда бес жасар бала төртінші қабаттағы терезеден құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оқиға 5 шілде күні сағат 16.22-де 9-шағынаудандағы тоғыз қабатты үйде болды. Ата-анасының қарауынсыз қалған 2015 жылғы бала 4-қабаттағы терезеден құлап кетті. Ауруханаға жатқызылған баланың жағдайы орташа ауыр. «»