Осы уақытқа дейін 900-ден астам факт тіркелген
«ҚазАвтоЖол» компаниясы трассаларда мемлекеттік тіркеу нөмірлерін әртүрлі айла-тәсілдер арқылы жасырған 900-ден астам көлікті анықтады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, «ҚазАвтоЖол» полиция департаменттерімен бірге тәртіп бұзған көліктерді анықтаған.
«Мемлекеттік нөмір белгісі — көлік құралының міндетті сәйкестендіру дерегі. Кірлеген нөмір оқылмай қалса, жүргізуші оны уақтылы тазалауға міндетті. Ал мемлекеттік нөмірді әдейі жасыру немесебұрмалау, сондай-ақ жалған немесе қолдан жасалған нөмір белгісін қолдану — Қазақстан Республикасының жол жүрісі қағидаларын және заңнамасын тікелей бұзу», - деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол».
көлігіндегі мемлекеттік тіркеу нөмірі көрінбейтін немесе жалған нөмір таққан азаматтарға мынандай айыппұл салынады:
«Нөмірді әдейі «жасыруға» бағытталған пленка, жапқыш, рамка-шторка секілді құрылғыларды қолдану немесе жалған нөмір орнату қауіпсіздік тәуекелдерін күшейтіп қана қоймай, қатаң әкімшілік жауапкершілікке, оның ішінде қамаққа алу және жүргізу құқығынан айыру сияқты шараларға әкелуі мүмкін», - деп ескертеді «ҚазАвтоЖол» мамандары.