Ол пәтерде қарасора өсірген
Қарағанды облысының полициясы 70 жастағы зейнеткердің пәтерін тінте отырып, қарасора тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Анықталғандай, қарияның үйін «жасырын жылыжайға» айналдырған оның 33 жастағы ұлы екен.
«Күдікті жігіт күзде әкесінің үйіне қарасораның тұқымын әкеліп, шағын жылыжай істеген. Пәтерден қарасора өскен құмыра, құрал-жабдық, қағазға оралған есірткі табылған. Зейнеткердің ұлы бұл істі мойнына алды», - деп хабарлайды полиция.
Бұдан өзге, жігіт полицияға қарасораны өзі тұтынатынын, сондықтан, есірткіні өзі үшін өсіргенін айтқан.