Ол полиция қызметкерін балағаттаған
Шығыс Қазақстан облысының Риддер қалалық соты телекоммуникациялық желілерді пайдалана отырып, қызметтік міндетін атқару кезінде билік өкілін қорлау фактісі бойынша өңір тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ШҚО сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сот анықтағандай, 2025 жылғы 6 тамыз күні шамамен сағат 23:00-де азамат Р. «102» жедел байланыс желісіне әдейі бірнеше рет қоңырау шалған. Телефон арқылы сөйлесу барысында ол қызметтік міндетін атқарып отырған Риддер қалалық полиция бөлімінің жедел кезекшісінің көмекшісіне қатысты бейәдеп сөздер айтып, балағаттаған.
Сот отырысы барысында сотталушы өз кінәсін толық мойындап, өкініш білдіріп, жәбірленушіден кешірім сұраған.
Оның кінәсі келесі дәлелдермен расталды:
Осыларды ескерген сот оған. 80 сағат қоғамдық жұмыс жазасын кесті. Сондай-ақ сотталған адамға қоғамдық жұмыстардан жалтарған жағдайда, олар әрбір өтелмеген төрт сағат үшін бір тәулік қамауға алу жазасы күтетінін түсіндірді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.