Астанада футбол ойнауға келген жігіт 250 мың теңгесінен айырылып қалды

Автор: Бақыт Шынар

Ақшаны ұры қолды қылған

Фото: polisia.kz

Астанадағы әуесқой залға келіп, футбол ойнаған жігіт 250 мың теңгесін ұрлатып алған. Полицияның мәліметінше, залға ойыншылардың бірі ретінде ұры да кіріп кетіпті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалтасынан 250 мың теңгесі жоғалған жігіт бірден полицияға хабарласқан. Тәртіп сақшылары залдың киім ауыстыратын бөлмесіндегі камераларды қарай келе, ұрлықшыны анықтаған.

Анықталғандай, ұрлықшы футбол ойнауға келген адам ретінде киім ауыстыратын бөлмеге кіріп, доп теуіп жатқандардың қалтасын тінте бастаған. Бір адамның қалтасынан 250 мың теңге тапқан ол залдан көрінбей шығып кеткен.

Полиция оны қолға түсіргенде ұры ақшаның жартысын жұмсап үлгерген екен. Полиция осы факт бойынша қылмыстық іс қозғады.