Былтыр Қазақстанда 20 мың адамның тағдыры тығырыққа тіреле жаздаған

Автор: Бақыт Шынар

Олар хабар-ошарсыз кеткен

Фото: Polisia.kz

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі былтыр хабар-ошарсыз кеткен 20 мыңнан астам адамның қайда жүргенін анықтаған. Олардың ішінде алты мың бала бар, деп жазады Azattyq Rýhy.

Полицияның мәліметінше, бұл жұмыстан өзге, ІІМ былтыр шет мемлекеттердің сұрауы бойынша іздеуде жүрген 639 адамды, Қазақстан ішінде әртүрлі қылмыс жасап, қашып жүрген 1600-ден астам адамды ұстаған.

Сондай-ақ, Қазақстан аумағынан тыс жерлерде сот шешімін орындамай, қашып жүрген 156 қылмыскер ұсталған.