Павлодардан Алматыға ұшқалы тұрған ұшаққа найзағай түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Рейс төрт сағатқа кешікті

Фото: ашық дереккөзден

Әуежайда FlyArystan компаниясының ұшағына найзағай түсіп, Павлодар-Алматы рейсі төрт сағатқа кешікті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Болған оқиғадан соң бортқа техникалық тексеру жүргізілді. Лоукостердің PR-менеджері Ләззат Нәбиеваның айтуынша, ұшаққа зақым тиген жоқ.

«133 жолаушысы бар рейс 18.55-те ұшуы керек еді. Оның артынан Нұр-Сұлтаннан екінші борт жіберілді. Сонымен, ұшақ Павлодардан Алматыға 4 шілдеде сағат 23.20-да шықты. Жолаушыларға әуежайда күтіп отырғанда сусындар мен тамақ берілді», - деді Ләззат Нәбиева.