«Тайып құлап, басын жарды»: Астанадағы аялдаманың жанынан ер адамның мәйіті табылды

Автор: Бақыт Шынар

Оқиға А108 көшесінің бойындағы аялдаманың жанында болған

Фото: instagram.com/problemy_astana/

Астанадағы аялдамалардың бірінің жанынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қала тұрғындары қайғылы оқиғаны суретке түсіріп, желіге жүктеген.

«Бүгін А108 көшесіндегі аялдаманың жанында оқыс оқиға болды. Ер адам тайып құлап, басын жарып алды. Өкінішке қарай, ол көз жұмды», - деп жазылған желіде таралған ақпаратта.

Оқиға орнынан полицияның көлігі мен бірнеше қызметкерді байқауға болады. Біз осы мәселе бойынша Полиция департаменті мен денсаулық сақтау басқармасынан мәлімет сұратты.