Полиция оған 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды
Абай облысының Көкпекті ауданының полициясы заңсыз қасқыр атып алған 28 жастағы жігітті анықтап, оған айыппұл салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«28 жастағы азамат рұқсат қағазы болмаса да қасқыр атып алған. Сол арқылы ол Жануарлар дүниесін пайдалану талаптары мен аң аулау қағидаларын бұзды. Бұл әрекет Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы болып, экологияны қорғауға арналған нормаларды бұзу», - деп хабарлайды полиция департаменті.
Жігітке 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салған полиция оған ескерту жасап, аң ату ережелерін түсіндірген.