Орал қаласында 12 жасар ұл жоғалып кетті

Автор: Бақыт Шынар

Бала  кеше, 28 желтоқсан күні таңертең үйінен шығып кеткен

Фото: Мой город

Орал қаласының төтенше жағдайлар қызметі 12 жасар баланы іздеп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, 2012 жылы туған Елнар Самиғолланың қазір қайда екені белгісіз.

«2025 жылдың 28 желтоқсаны күні баланың әкесі полицияға арыз жазды. 2012 жылы туған ұлы Елнар Самиғолла Зашаған кентіндегі үйінен 09:00 кезінде шығып кетіп, үйіне қайтып оралмаған. Бала осыдан екі жыл бұрын үйінен бір рет кетіп қалып, қайта келгені белгілі болып отыр», - деп жазады «Мой город» басылымы.

Дереккөзге сүйенсек, баланың бойы 170 сантиметр, арық денелі, қара куртка, қара шалбар мен жейде, қара аяқ киім киген. Қолында ұялы телефоны болмаған.