Қазақстанның Бас прокуратурасы оны Грузиядан экстрадициялады
Қазақстанның Бас прокуратура мен Интерполдың Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен ауыр қылмыстарға қатысы бар Ресей азаматын Грузиядан біздің елге экстрадициялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, ол 2022 жылы Алматыда азаматтарды ұрлап, олардың мүлкін күштеп тартып алған деген күдік бар.
«Күдікті үш жылдан астам уақыт бойы жасырынып, халықаралық іздеуде болған. Биыл қыркүйек айында ол Грузияда ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды», - деп хабарлайды Бас прокуратура.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.