Ақтөбеде интернет магазин ұлттық сусынның атын жамылып, есірткі сатқан

Автор: Бақыт Шынар

Прокуратура есірткі дүкенін жойды

Фото: istockphoto.com

Ақтөбе облысының арнайы прокурорларымен интернет-дүкен (Qymyz shop) арқылы бүкіл ел бойынша психотроптық заттарды сатқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істі тергеп аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл дерек Ақтөбе облысының полиция Департаментінің қызметкерлерімен өзара іс-қимыл барысында анықталды, дүкеннің жалпы айналымы 50 млн теңгеден асқан.  Интернет-есірткі дүкені арнасының қылмыстық схемасы «Telegram» қосымшасындағы «байланыссыз қатысу» нысанында ұйымдастырылған, ал ақша қозғалысы «дропперлердің» банктік карталары арқылы шешілген.

Барлық көрсетілген деректер бойынша Қылмыстық кодексінің 262, 297, 299-1-баптарымен (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу, есірткі, психотроптық заттарды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүрді.

Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстары мен Астана қаласының аумағында 6 адам анықталып, ұсталды және 10 кг-нан астам психотроптық заттар тәркіленді.