04.07.2020, 14:24
Оқиғалар
Арқалықта 11 адам этанолдан уланып көз жұмды
Науқастардың алғашқы легі ауруханаға 3 шілде күні түскен
Фото: ашық дереккөзден
Арқалықта этанолдан уланып қалған 11 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Арқалық қаласында бір тәулікте этанолдан уланып қалған 11 адамның екеуінің өлім себебі анықталды. Науқастардың алғашқы легі 3 шілде күні сағат 5:20 кезінде ауруханаға түскен. Бүгін уланған 9 адам көз жұмды. Қазіргі уақытта осы факт бойынша полиция ҚР ҚК 306-бабымен (Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету) сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады», - делінген хабарламада.
Оқиға бойынша арнайы сараптама бекітілді. Қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
30.06.2026, 11:58
Атырауда «Нива» мінген жас жігіт дрифт жасаймын деп басы дауға қалды
30.06.2026, 16:10
«Қайын жұртын қырып салған»: Сұлтан Сәрсемәлиевтің ешкім білмеген былықтары әшкере болды
30.06.2026, 10:49
Атырау облысында кәсіпкерлер құны 619 млн теңге тұратын мыңдаған гектар жерінен айырылып қалды
30.06.2026, 10:37
Актер Нұртас Адамбай АҚШ-қа көшіп кетті