Шавкат Рахмоновтың әйеліне қатысты соңғы сараптама келесі аптада аяқталады – ІІМ

Автор: Бақыт Шынар

Жол апаты 27 шілдеде болған

Фото: Жамбыл облысының полиция департаменті

UFC файтері Шавкат Рахмоновтың әйелі биыл 27 шілдеде өз көлігімен жол апатына түскен еді. Өкінішке қарай, оның жанындағы екі құрбысы мерт болған. Жол апатына қатысты осы істі ішкі істер министрлігі тергеп жатыр, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бүгін Мәжіліс кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов жол апатына қатысты соңғы сараптама жуық арада дайын болатынын айтқан.

«Осы аптада біз соңғы сот сараптамасының нәтижесін аламыз. Сол сараптаманың қорытындысына қарай, іс прокуратураға, ары қарай сотқа кетеді», - деді Әділов.

Естеріңізге сала кетейік, биыл жазда Алматы-Екатеринбург тас жолында UFC шебері Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы жантүршігерлік жол апатына ұшыраған болатын. Көліктегі екі әйел адам оқиға орнында қаза тапқан. Спортшының әйелі мен ұлы жараланған.