Желідегілер олардың жалғыз ұлы үйленетінін жазып жатыр
Қазақ эстрадасының жұлдызды жұбы Жанболат пен Жазира үлкен тойға дайындалып жатыр. Сүйінші жаңалықты әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасына жазған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Болашақ құдаларымызбен танысу шәйі. Қасымыздан табылған достарымызға рахмет», - деп жазды Жазира Байырбекова.
Бейнежазбада кең мейрамхананың мол дастарханына жиналған қонақтарды көрінеді. Олардың ішінде танымал өнер адамдары бар.
Жанболат пен Жазира бұл жиынның мақсатын анық жазбаса да, желідегі жұртшылық олардың жалғыз ұлы Қазыбек үйленеді деген болжам жасап қойған.
«Құдалық мың жылдық болсын! Құтты болсын!», «Тәтті шәй құтты болсын, керемет көрініс, балалар бақытты болсын!», «Көптен күткен ұлы той, келіннің аяғы құт болсын», «Әне! Қазыбек жарады!», «құдалар мен келінді көре алмадық», - деп жазып жатыр көпшілік.