Вице-министр үш талапты атады
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мобилді аударымдар қандай жағдайда тексерілетінін атады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Азаматтардың жасаған аударымдарында мынадай үш шарт бірдей орындалса ғана бақылауға алынады.
«Балаларға ақша аудару, достарыңызға көмек, қарыз беру, бұлар заңды. Оған ешқандай сұрақ болмайды», – деді Ержан Біржанов.
Оның сөзінше, мысалы, қаңтар айында 100 адамнан көп, ақпанда тағы 100 адамнан көп, наурызда да солай болса, және жалпы сома миллион теңгеден асса, заңды тұлғаға салық қателігін түзету үшін хабарлама жіберіледі. Ал аударымдар әр айда әртүрлі болса, хабарлама жолданбайды.