Полиция өлімнің себебін әзірге атаған жоқ
Қарағанды қаласындағы пәтерлердің бірінен 15 және 18 жастағы екі жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл фактіні облыстың полиция департаменті растады. Дереккөзге сүйенсек, марқұмдардың денесінен ұрып-соғудың белгілері табылмаған.
«15 және 18 жастағы екі адамның мәйіті табылған соң, қылмыстық іс қозғалды. Олардың денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері жоқ. Полиция қайғылы жағдайдың себебін анықтау үшін кешенді шараларды бастады», - деп хабарлайды облыстың полиция департаменті.
ПД баспасөз қызметі қылмыстық істің барысын облыстық полиция департаментінің басшысы жеке бақылауына алды деп хабарлап отыр.