Астананың ескі вокзалы маңында «жұмыс істеп жүрген» сегіз жеңгетай сотталатын болды (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Полиция қалада рейд жүргізген

Фото: istockphoto.com

Ішкі істер министрлігінің «STOP-трафик» атты ауқымды шарасының аясында Астанада жеңгетайлықпен айналысқан адамдар ұсталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, рейдке прокуратура да араласқан.

«Астанада полиция мен прокуратура бірлесіп, теміржол вокзалы маңында рейд жүргізді. Азаматтарды сексуалдық мақсатта пайдалануға арналған притон ұйымдастырған және жезөкшелерді ұстаған сегіз адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр», - деп хабарлайды ІІМ-нің баспасөз қызметі.