Қыз көпбалалы отбасынан шыққан
Қордайда 14 жастағы мектеп оқушысын белгісіз адамдар зорлап, жүкті еткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға мамыр айында болған. Желіде тараған мәліметке сүйенсек, баланың мүгедектігі бар, сондықтан кәмелетке толмаған әрі қорғансыз адамға қатысты жасалған қылмыстың жауапкершілігі ауырлайды.
Жамбыл облысының балалар құқықтары жөніндегі уәкілінің айтуынша, қазір қыз бала ауруханада жатыр.
«Ол босанғанша сонда болады. Жәбірленуші көпбалалы отбасынан шыққан», - деді ол.
Полиция күдіктінің ұсталып, тергеліп жатқанын мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу және процессуалдық іс-шаралар жүргізілуде. Қылмыстық процеске қатысушылардың дәлелдері тексеріліп, қажетті материалдар жинақталуда. Тергеу органдары істің барлық мән-жайларын мұқият анықтап, зерделеуде. Толық және жан-жақты тергеу нәтижесінде заңды және негізді процессуалдық шешім қабылданатын болады», - деді полицияның баспасөз қызметінен.