Қостанай облысында 16,9 гектар орман өртенді

Автор: Azattyq Rýhy

Өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр

Қостанай облысында орман өрті ауыздықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы аумағында Қарабалық ауданы Талды ауылынан бір шақырым жерде «Михайлов орман шаруашылығы мекемесі» КММ учаскесінде орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

«Аумағы 13,3 га құрғақ шөп және 3,6 га орман ағашы жанған. Өрттің жалпы ауданы – 16,9 гектарды құрады. Өртті сөндіруге «Михайлов орман шаруашылығы мекемесі» КММ-нің 18 қызметкерімен тоғыз бірлік техника, сондай-ақ «Тоғызбай-Агро» ЖШС-нің ерікті өрт сөндіру құрылымдары бір адам мен бір бірлік техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

Орманшылардың ұйымдасқан және жедел іс-қимылдарының арқасында оттың таралу қаупі жойылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің болжамды себебі – отты абайсыз пайдалану.