01.07.2020, 15:38
Оқиғалар
Атырауда дәріхананы тонап кетті
Оқиға 18 маусым күні болған
Атыраудағы дәріханалардың бірін ер адам тонап кетті, деп жазады ATPress.kz порталы. Ұры бағалы заттар мен дәрілерді қолды қылған.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Азаттық көшесіндегі дәріханалардың бірінде болған. Жас жігіт ғимараттың терезесін ашу арқылы ішіне кіріп, ноутбук пен бірнеше дәріні алып кеткен.
Күдікті көп ұзамай қолға түсті. Ол 26 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Полицейлер ұсталған жігіттің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті.
Көп оқылған
19.10.2026, 09:24
Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының ашық-шашық клипі үшін Алматыдағы колледж жазаланатын болды (ВИДЕО)
19.10.2026, 10:58
Мейрамбек Бесбаев 50-ге толды: туған жерінің қазіргі әкімі әншіге шапан жауып, бір құшақ гүл сыйлаған (ВИДЕО)
19.10.2026, 23:19
Қызының дүниеге келуін атап өткен: Абай облысының тұрғыны екінші рет сотталып кетті
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды