Прокуратура оның ісін Антикорға берген
Үржар ауданының прокуратурасы қоғамдық жұмысқа бөлінген 500 мың теңгені қалтасына басқан бұрынғы ауыл әкімін соттатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Прокуратурамен сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркеліп, материалдар процестік шешім қабылдау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаментіне жолданды», - деп хабарлайды прокуратура.
Сот бұрынғы әкімді «Алаяқтық» бабымен 3,5 жылға соттап, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырды.
«Үкім заңды күшіне енді. Мемлекетке келтірілген залал толық өтелді», - деп хабарлайды прокуратура.