$ 509.94  593.88  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: халықаралық тергеудің қорытындысы қашан шығады

Ұшақ былтыр желтоқсан айында құлаған еді

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: халықаралық тергеудің қорытындысы қашан шығады
Фото: gov.kz

Ақтау маңында апатқа ұшыраған әзербайжандық әуе компаниясының ұшағына қатысты халықаралық тергеу әлі жалғасып жатыр. Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров тергеудің түпкілікті нәтижесі қашан жарияланатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазір тергеу жалғасып жатыр. Арнайы комиссия алғашқы алдын ала қорытындыларды үш айдан кейін толық көлемде ұсынған болатын. Қазір тереңірек тергеу жұмыстары жүргізілуде», – деді вице-министр Үкіметтегі баспасөз мәслихатында.

Қалиақпаровтың айтуынша, тергеу аясында жүргізіліп жатқан сараптамалар өте күрделі санатқа жатады, сондықтан оның нақты қашан аяқталатынын айту қиын.

«Бұл өте күрделі сараптама. Сол себепті нақты мерзімін айта алмаймыз, мәселе өте маңызды. Тергеу аяқталған соң, алдыңғы есеп сияқты, толық жариялаймыз. Жыл соңына қарай баспасөз хабарламасын ұсынамыз», – деді ол.

Естеріңізге салайық, 2024 жылғы 25 желтоқсанда Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Баку – Грозный бағытындағы Embraer 190 ұшағы Ақтау әуежайынан үш шақырым жерде құлады. Ресми мәлімет бойынша, бортта Қазақстан, Әзербайжан, Ресей және Қырғызстаннан барлығы 67 адам, соның ішінде экипаждың бес мүшесі болған. Апаттан 29 адам аман қалды. Өкінішке қарай, Қазақстанның алты азаматы да қаза тапты.

Қазақстанда Embraer 190 ұшағының Ақтау әуежайы маңында апатқа ұшырау себептерін тергеу үшін үкіметтік комиссия құрылды.

Серіктес жаңалықтары