$ 519.98  600.06  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда ең апатты жол учаскелері анықталды

Бұл учаскелерде жылдамдық төмендетіліп, жаңа жол белгілері қойылған

Қазақстанда ең апатты жол учаскелері анықталды
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда апат қаупі жоғары елуден астам жол учаскесі анықталды. Бұл туралы көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ең апатты учаскелер анықталды. Қазір бұл жолдарда жылдамдықты төмендету, қажетті белгілерді орнату бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл шаралар жалғасады», – деді Қалиақпаров Үкіметтегі баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша, жақында Ақтөбе облысындағы бір қауіпті жол бөлігі жөнделген, осыдан кейін ол жерде бірде-бір жол апаты тіркелмеген.

«Ақтөбе облысында бірнеше апатты қауіпті учаске бар. Соның бірінде жуырда тиісті шаралар қабылданды және расымен өзгерістер енгізілгеннен кейін бірде-бір жол апаты болған жоқ. Қазақстан бойынша мұндай учаскелер елуге жуық. Барлық өңірде жұмыстар жүріп жатыр, жол белгілері орнатып, ерекше бақылау күшейтілуде. Мұны ІІМ мен ТЖМ қызметтерімен бірлесіп істеп жатырмыз», – деді Қалиақпаров.

Айтуынша, биыл жаңғырту жұмыстары 13 мың шақырымды қамтыған.

Ақылы жолдар

Сондай-ақ Қалиақпаров ақылы жүйе тек техникалық талаптарға сай келетін және тегін баламасы бар жол учаскелерінде ғана енгізілетінін атап өтті.

«Ақылы режимге ауысатын учаскелер тізімі бөлек жарияланады», - деді ол.

Негізгі бағыттардың ішінде Қарағанды – Алматы, Талдықорған – Өскемен трассалары және Астрахань бағыты бар.

Серіктес жаңалықтары