Жыл басынан бері банктер экономикаға 38,7 трлн теңге кредит берген
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова кепілсіз тұтынушылық несиелердің өсімі былтырғымен салыстырғанда екі есе азайғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, биыл 9 айда экономикаға берілген кредиттер 14,6%-ға ұлғайып, 38,7 трлн теңгені құрады. Бизнеске берілген кредиттер 12,1%-ға өсіп, 14,7 трлн теңгені құрады.
«Кепілсіз тұтынушылық кредиттер биыл 9 айда 12,7 пайызға дейін өсті. Өсім қарқыны өткен жылы 29,3%-дық өсіммен салыстырғанда екі еседен астам азайды. Былтыр 9 айда 22,5 пайыз болған. Ал кепілді тұтынушылық кредиттер, оның ішінде автокредиттер биыл 9 айда 32,2%-ға өсіп, 4,8 трлн теңгені құрады. Ипотекалық кредиттер жыл басынан бері 10,4%-ға өсті», - деді Әбілқасымова Үкімет отырысында.
Шағын және орта бизнес кредиттері 44%-ды, ірі бизнеске кредиттер 36%-ды және дара кәсіпкерлерге кредиттер 20%-ды құраған.