Ақмарал Әлназарова аймақтағы дәрігерлер үшін сүйінші жаңалық айтты

Автор: Нұргүл Абай

Жаңа бастама келесі жылы жүзеге асады

Фото: istockphoto.com

Денсаулық сақтау министрлігі облыс әкімдеріне Отбасы банкпен бірлесіп кадр тапшылығы өте жоғары өңірлерде дәрігерлерді үймен қамтамасыз етуді ұсынып отыр. Бұл туралы министр Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Дәрігерлердің мәртебесі мен әлеуметтік жағдайын арттыру үшін министрлік облыс әкімдеріне «Отбасы банкпен» бірлесіп, 2026 жылы әсіресе кадр тапшылығы өте жоғары өңірлерде дәрігерлерді тұрғын үймен қамтамасыз етуді ұсынады», - деді Әлназарова Үкімет отырысында.

Сонымен қатар, «Қазақтелеком» және әкімдіктермен бірге медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін 2 100 жедел жәрдем бригадасы мен 644 стационардың қабылдау бөлмелері видеобақылаумен қамтамасыз етіледі.