Кемелбек Ойшыбаев Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұған дейін ол «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды

Үкімет Қаулысымен Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалады, деп хабарлайды Премьер-министрдің ресми сайты.

Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев 1977 жылы 13 шілдеде Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «журналист» мамандығы бойынша, 2004 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ Geneva Business School-де (Швейцария) MBA бағдарламасын оқыған.

Еңбек жолын 2000 жылы «Интерфакс-Қазақстан» АА» ЖШС тілшісі болып бастаған.

2001 жылдан 2007 жылға дейін «Қазақтелеком» АҚ құрылымында басшылық лауазымдарда еңбек еткен.

Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2014-2016 жылдары — «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС бас директорының орынбасары, бірінші орынбасары.

2016 жылы — ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры.

2016-2017 жылдары — «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма төрағасы.

2019 жылғы маусым айынан бастап қазіргі таңға дейін «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.