Сенат Денсаулық кодексін бірінші оқылымда мақұлдады
Сенат депутаты Дана Нұржігітова Қазақстанда медицина мәселесін көтеретін ірі медиа-тұлға керектігі жайында әңгіме қозғады.
«БАҚ-та медицина қызметкерінің, «Ұлт дәрігері» дәрежесіндегі медиа-түлғаның жоқтығы осындайда білінді. Қазақстан медицинасының келбетін қалыптастыру, дәрігер мәртебесін көтеру осы саладағы түлғатанудан басталуы керек. Бізде халыққа сөз айтатын, халық денсаулығына өмірін арнаған, ғылым, білім жолында жүрген дәрігерлер жоқ дегенге сенбеймін. Осындай білікті маман, сом тұлғалар жүргізетін оқу-ағарту тақырыбындағы бағдарламалар БАҚ көздеріне жүйелі түрде, үздіксіз шығып тұру қажет. Сонда ғана ондай тұлғалар әр отбасының жақынына айналады. Сенім мен абырой деген жылдар бойы адал еңбекпен келетін ұғымдар», - деді ол Сенаттағы Денсаулық сақтау кодексінің талқылануы барысында.
Сенатор «Ұлт дәрігері» дәрежесіндегі медиа-тұлға туралы әңгімесін Azattyq Rýhy тілшісіне нақтылап, қазақта Комаровский, Рошаль сияқты медицина саласындағы ірі тұлғалар болу керек екенін айтты.
Евгений Комаровский – жоғары дәрежелі ресейлік педиатр-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, жазушы, тележүргізуші.
Леонид Рошаль – кеңестік және ресейлік педиатр, хирург. Қоғам қайраткері.
Айта кетейік, бүгін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің жобасы Сенатта бірінші оқылымда мақұлданып, екінші оқылымға жіберілді.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан