Тауар өндірушілерді реестрге енгізу тетігі төрт кезеңнен тұрады
Қазақстанда отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі құрылады. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, биылғы заңнамалық жаңалықтардың бірі – қазақстандық тауар өндірушілердің бірыңғай реестрі.
«Бұл – өндірушілер мен олардың өнімдері туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік цифрлық жүйе. Реестрге енгізу жинақталған мәліметтер негізінде «жалған өндірушілерді» анықтауға, ашықтықты арттыруға, жемқорлықты азайтуға мүмкіндік береді», - дейді Нағаспаев Үкімет отырысында.
Реестрге енгізу механизмі төрт кезеңнен тұрады:
Президент тізілімнің жұмыс істеу тәртібін реттейтін заңға биыл 19 мамырда қол қойған.
«Қаржы министрлігімен бірлесіп, өтінім беру сервисі әзірленіп, скоринг моделі жасалып жатыр. Отандық өндірушілермен («Бемер-Арматура», «MetalFormer», «ТаразКожОбувь» және «Alina Group») бірге әзірленген модульдер сынақтан өтіп, функционалы пысықталуда. Алдағы уақытта бизнеспен келісілген нормативтік актілерді бекіту және тізілімді толық іске қосу жоспарланып отыр», - деді министр.