$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.05.2020, 15:29
Үкімет

Тоқаев 30 млрд теңге инвестиция салынған күн электр станциясын аралады

Станция жылына 148 миллион киловатт сағат электр қуатын өндіреді

Тоқаев 30 млрд теңге инвестиция салынған күн электр станциясын аралады
фотолар: akorda.kz

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысы Целиноград ауданына жұмыс сапарымен барды. Президент сапары «Hevel Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты күн электр станциясының жұмысымен танысудан басталды. Аталған нысан биыл пайдалануға берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтағы «жасыл энергетиканы» дамыту перспективасы жайында баяндалды. Қуаттылығы 100 МВт болатын электр станцияның құрылысына 30 миллиард теңгеге жуық инвестиция салынған. Станция жылына 148 миллион киловатт сағат электр қуатын өндіреді. Құрылыс жобасын салу барысында компанияның өз әзірлемесі, атап айтқанда, гетероқұрылымды екі жақты күн модулі секілді инновациялық технология пайдаланылған.

Мемлекет басшысы Қазақстандағы жаңартылған қуат көзін пайдаланудың маңыздылығын атап өтіп, электр станциясының қызметкерлеріне табыс тіледі.

Серіктес жаңалықтары