Бұл – бір жылда жұмсалған сома
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев былтыр Қазақстанның халықаралық арбитраж бен халықаралық соттарда атын қорғауға қанша ақша жұмсалғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Былтыр бюджеттік бағдарлама аясында халықаралық арбитраж бен шетелдік соттарда Қазақстанның атын қорғау үшін Әділет министрлігі тарапынан 7,5 млрд теңгеден артық сома жұмсалды. Республикалық бюджетте бұл сандар бар, оның ешқандай құпиялығы жоқ. Оның ішінде қай іске қанша жұмсалғанын айта алмаймын», - деді министр.
Оның айтуынша, жеке кейстер бойынша сома келісімшарт арқылы жүзеге асырылады.