Ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауға қатысты барлық шектеу алынды

Автор: Azattyq Rýhy

Министрдің бұйрығы 1 маусымнан бастап күшіне енеді

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауға қатысты шектеулерді алып тастау туралы бұйрыққа қол қойды.

1 маусымынан бастап ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауға қатысты барлық шектеулер алынады. Естеріңізде болса, Қазақстанда төтенше жағдай енгізілуіне және ішкі нарықта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жетіспеушілігін болдырмау мақсатында 2 сәуірде экспорттауға уақытша шектеулер қойылған еді.

Сондай-ақ 30 наурызда Қазақстанда астық пен ұн экспортына шектеу енгізілетіні хабарланды.