Газ баллондардың көбі жарамсыз, 348 мыңын ауыстыру қажет – министр

Автор: Нұргүл Абай

Тұрмыстық газды дұрыс пайладанбау салдарынан жарылыс болуы мүмкін, деп ескертті Әрінов

Фото: istockphoto.com

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов тұрғын үй комиссияларынан тұрмыстық газ баллондарын пайдалану ережелерінің сақталуына бақылауды күшейтуді сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкімет отырысында министр тұрмыстық газды дұрыс пайдаланбау салдарынан болуы мүмкін жарылыстар туралы сөз қозғады.

«Қазір халық газ баллондарды автомобильге жанар-жағармай құю станцияларынан толтырады, ол заңға қайшы. Ол баллондардың басым бөлігі пайдаға жарамсыз. Біздің есебіміз бойынша 348 мың газ баллоны ауыстыруды талап етеді», - дейді Әрінов.

Ведомство басшысының айтуынша, әкімдіктер жанындағы тұрғын үй комиссиялары тұрмыстық және коммуналдық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану ережелерінің сақталуына бақылау жасауды күшейтуі қажет.