«Тізімде 1,4 млн адам бар»: Әбілқасымова осал топтардың несиесі кешіріліп жатқанын айтты

Автор: Аягөз Құрмаш

Жыл басынан бері мұндай жеңілдікке 44 мың адам ие болған

Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында осал топтардың несиесін кешіру жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әбілқасымова атағандай, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың несиесін кешіру мәселесі бойынша микроқаржылық ұйымдарға жаңа талаптар қойылғанын айтты.

«Олар проблемалық қаржыландырушылар бойынша жеке жоспар әзірлеуі керек. Жекелеген жоспардың ішінде осал топтарға арналған бірқатар талап қойдық. Олардың қарызы бойыншы мерзімі бірнеше жылдан асып кетсе, жағдайы қарыз төлеуге жетпесе, жоспар аясында оларға толығымен немесе ішінара қарызын кешіру талабын қойдық. Ол талап бойынша банктер мен микроқаржы ұйымдары бізге жаңа жоспар енгізіп жатыр», - дейді ол.

Әбілқасымованың айтуынша, ол жоспар үнемі жаңартылып отырады.

«Жыл басынан бері 44 мың адамға мерзімі өткен қарызын кешірді. Олар өз қаражатынан алды. Жаңа жоспар бойынша жыл соңына дейін тағы осындай жұмыс атқарылады. Болжам бойынша 1,4 млн адам жекелеген жоспарға кіреді. Алайда, көбіне ставкасын төмендету, мерзімін ұлғайту, айыппұлын кешіру жүзеге асырылады. Ал осал топтарға барлық немесе ішінара қарызын кешіруді қарастырдық», - дейді Мәдина Әбілқасымова.

Тегтер: