Келесі жылы саяси қызметкерлер табысын жариялайды
Қаржы министрі Мәди Тәкиев 2025 жылы 1 қаңтарда Үкімет мүшелерінің арасынан алғаш болып декларация тапсырып, бәріне үлгі көрсететінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министр елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі аяқталуға жақын екенін атап өтті. Биыл заңды тұлғалардың құрылтайшылары мен жеке кәсіпкерлер табысын көрсетеді. 15 қыркүйектегі жағдай бойынша 2,6 млн адам декларация тапсырған. Тапсырылатын тағы 200 мың декларация бар, бұл азаматтарға тиісті хабарлама жолданған.
Тәкиев келесі жылы қазақстандықтар Үкімет мүшелерінің де декларациясын көре алатынын атап өтті.
«2025 жылғы 1 қаңтардан бастап саяси қызметкерлер декларациясын жариялауға міндеттеледі. Біз барлығының декларациясын көреміз. Мен де келесі жылы декларация тапсырамын. Бірінші болып тапсырып, үлгі көрсетемін. 1 қаңтарда декларациямды жариялаймын», - деп уәде етті министр.
Айта кетерлігі, жалпыға бірдей декларациялаудың төртінші кезеңі келесі жылы басталады.
2025 жылдан бастап декларациясын ашық көрсететін саяси мемлекеттік қызметкерлерге мыналар кіреді: