Премьер-министрдің айтуынша, ормандағы өрттер бұған дейінгі іс-шаралар мардымсыз екенін көрсеткен
Бүгін үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов орман қорын ұлғайту жұмысында қатаң бақылау керек екенін тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, өткен жылдарда орын алған алапат өрттер бұған шаралар мардымсыз екенін анық көрсеткен.
«Осыған байланысты қазір орман шаруашылықтарын, саябақтар мен резерваттарды арнайы өртке қарсы жүйелермен, техникамен және жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыс қолға алынды. Мысалы, Бурабай ұлттық паркінде орнатылған ерте хабардар ету жүйесінің арқасында орман өрттерінің орташа ауданы 50 есеге қысқарды», - деп хабарлайды үкімет.