Үкімет 5 313 үйді сатып алса, 2 080 үйді жаңадан салып берген
Үкімет 6 қыркүйектегі жағдайға сәйкес, су тасқыны үйлерін шайып кеткен 7 393 адамға жаңа баспана берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Жергілікті атқарушы органдар 5 313 адамға жаңа үй сатып берсе, 2 080 адамға жаңа баспана салып берген.
Қаржылай көмек алу үшін өтініш берген 9 147 адамға 53,5 млрд теңге өтемақы төленген. 34 247 отбасына 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы өтемақы берілген.