Парламент палаталарының бірлескен отырысы 2 қыркүйекте өтеді

Автор: Молдатай Сымбат

Ерлан Қошанов өкімге қол қойды

Фото: Ж. Жұмабеков

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын», - деп жазылған өкім мәтінінде.