Ильхам Әлиев Астанаға ұшып келді (ФОТО)

Автор: Молдатай Сымбат

Әзербайжан президентін Олжас Бектенов қарсы алды

Фото: ҚР Үкіметі

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Ильхам Әлиевті елорда әуежайында күтіп алды.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы екіжақты қатынастар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша дамып келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 14,3%-ға артып, $529,4 млн-ды құрады, биылғы қаңтар-маусым айларында $280,6 млн-ға жетті.