«Түрлерін камерамен тексереміз»: такси жүргізушілеріне тағы бір талап қойылады

Автор: Аягөз Құрмаш

Олар жүйеге кіргенде тұлғасын Face ID-мен растауы керек

Фото: Azattyq Ruhy

Көлік министрі Марат Қарабаев үкіметтегі баспасөз конференциясында такси жүргізушілеріне қойылатын талаптар күшейетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Нарықта ең көп таралған платформа бұл – InDriver. Көп мәселені осы жүйемен бірлесіп жүзеге асырып жатырмыз. Қазір жаңа енгізіліп жатқан тәсілдің бірі бар. Мысалы, тіркелген адам 8 сағат жұмыс істейді. Кейін тағы бір басқа адамның атынан қосылып, 8 сағат істейді. Осындай жағдайды болдырмау үшін жүйе жаңа әдісті ұсынып отыр. Әрбір жүргізуші жүйеге тіркелу үшін Face ID қолдану мәселесі қаралып жатыр», - дейді ол.

Министрдің айтуынша, InDriver такси жүргізушілері жылдамдықты арттырса, жазаланады.

«Оларға қосымша айыппұл салу мәселесі қаралады. Қазір талқылау болып жатыр. Жұмысты 3 ай бұрын бастадық. Бұл бір күнде енгізетін мәселе емес. Бірақ оны бір тарапты шешуге болмайды. Такси жүргізушілерін де шақырып, оны бірге талқылаймыз», - дейді Қарабаев.