Әлібек Қуантыров сыртқы істер вице-министрі болып тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Назира Нұрбаева лауазымынан босатылды 

Фото: t.me/KZgovernment

Мемлекет басшысының өкімімен Әлібек Сакенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Назира Нұртүлеуқызы Нұрбаева Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Айта кетерлігі, Әлібек Қуантыров 1 сәуірде KazEnergy бас директоры болып тағайындалды.

Ол 1983 жылы Атырау қаласында туған.

Томск мемлекеттік университетін, Мичиган университетін бітірген, қолданбалы экономика магистрі. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.