Мемлекет басшысы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Жандос Шаймардановты қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жандос Шаймарданов:
- әлемдік және ұлттық экономикадағы қазіргі трендтер туралы айтты;
- құрылымдық реформаларды одан әрі жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар берді; мемлекеттік статистика мен деректерді басқару негіздерін институционалдық тұрғыдан күшейту туралы баяндады:
– Ұлттық статистика бюросына әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау өкілеттігі берілді;
– жыл соңына дейін 9 мемлекеттік органның деректер базасы сапасына бағалау жүргізіледі.
- Бұл әкімшілік дереккөздері үшін сапа стандарттары мен халықаралық әдістемені қолдануға көмегін тигізеді; Агенттіктің әкімшілік және баламалы ақпарат көздерін белсенді пайдалануды ескере отырып, статистикалық қызметті қысқа мерзімді жоспарлаудан үш жылға дейінгі орта мерзімді жоспарлауға көшуі жөнінде айтты;
- аталған реформалар статистикалық есептілікті 2 есеге дейін азайтуға мүмкіндік беретінін және деректердің сапасы мен ресми статистикаға деген сенімді арттыратынын жеткізді.
Кездесу соңында Президент әлеуметтік-экономикалық реформаларды жан-жақты пысықтаудың маңызды екеніне тоқталып, Агенттік төрағасына осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.