Тоқаев отандық жылқы тұқымдарын сақтау туралы Заңға қол қойды

Автор: Azattyq Rýhy

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады

Фото: shutterstock.com

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мініс және мініс-жегін жылқылардың отандық тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.