Олжас Бектенов Үкімет қаулысына қол қойды
ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап колледждер мен ЖОО студенттеріне арналған стипендияларды арттыруды көздейтін Үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2025 жылғы 1 қыркүйекте шәкіртақы бакалавриат студенттеріне 20%-ға, магистранттар мен докторанттарға 15%-ға көбейеді.
Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдан бастап стипендияны көбейту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Соның нәтижесінде 2025 жылға қарай ЖОО мен колледж студенттерінің стипендиясы екі есеге, магистранттар мен докторанттар үшін 1,75 есеге өседі.