Мәжіліс төрағасы өкімге қол қойды
2024 жылғы 28 маусымда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бірлескен отырысты шақыру туралы өкімге қол қойды.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 28 маусымда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын», - делінген бұйрықтың мәтінінде.