«Өңірлердегі құрылыс сапасын тексеруге өзім барамын»: министр тұрғындарға қандай баспана салынып жатқанын айтты

Автор: Аягөз Құрмаш

Кейбір тұрғындар құрылыс сапасының жақсы болуын өздері қадағалап жүр

Фото: gov.kz

Үкіметтегі баспасөз конференциясында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккендерге салынған үйлердің сапасы жайлы айтты, деп хабарлайды Аzattyq rýhy.

«Үйлер заңнаманың барлық талабы мен стандартына сай салынып жатыр. Үйлер су тасқыны жағдайын қайталамайтын жерлерге салынды. Құрылыс орнынанда техникалық бақылауды арнайы компаниялар бақылап жатыр. Олар осы құрылыс үшін арнайы таңдалып алынды. Сондай-ақ бақылауды жергілікті атқарушы органдар да атқарып жатыр. Тапсырыс беруші де бақылауда. Мен жеке өзім өңірлердегі құрылыс сапасын қадағалап отырамын. Ертең де өңірге құрылыстың барысын тексеруге барамын», - дейді Шарлапаев.

Министр атағандай, кейібір жағдайда тұрғындар ескі үйі тұрған жерде қалғысы келеді.

«Оларға жақын басқа учаскеден үй соғылады. Зардап шеккен ауыл тұрғындарының өздері де құрылыстың сапалы жүруін бақылап отырады. Көп азамат өзіне де, өзгеге де қолғабыс көрсетіп жатыр. Оларға алғыс айтқым келеді. Сондықтан сапаны осы талаптардың барлығы  қамтамасыз етуге әсер етеді деп ойлаймын», - деді министр.