Мемлекеттік қызметшілердің жеке деректері енді тек электронды түрде сақталады
Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің жеке ісіне туыстарының ЖСН-нін, бұрынғы жұмыс орнының бизнес-сәйкестендіру нөмірі мен қазақ тілін меңгеру деңгейі туралы деректерді қосу жоспарланып отыр. Тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрық жобасын әзірледі.
Құжатқа сәйкес, мемлекеттік қызметшінің жеке ісін жүргізуге қажетті құжаттардың тізбесі бірнеше жаңа деректермен толығады.
Дәлірек айтқанда, мемлекеттік қызметшілердің жеке ісіне:
Бұл мәліметтердің бәрі тек қана «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінде сақталады. Қағаз түрінде болмайды.
«Е-қызмет» ақпараттық жүйесінде мемлекеттік қызметшінің жеке ісін сапалы жүргізуді қамтамасыз ету заңнамаға сәйкес мемлекеттік органның аппарат басшысына, ал аппарат басшысы лауазымы жоқ мемлекеттік органдарда – мемлекеттік лауазымға тағайындау құқығы бар адамға жүктеледі.
Бұйрық жобасы 28 маусымға дейін қоғам талқысына шығарылды.